2025 жылғы 22-23 ақпанда екі тәулік ішінде ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 380 адамды, оның ішінде 49 баланы құтқарып, эвакуациялады. Сондай-ақ 50-ден астам автомашинаны қар құрсауынан шығарды. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 153 шығу жасалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.
Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:
Қостанай облысында 170 жуық адам құтқарылды
22 ақпанда күндіз шетел азаматтарына көмек көрсетілді. Қарабалық ауданының Қайырақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстан Республикасынан Ресейге бара жатқан рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті. Автобуста 70 жолаушы, оның ішінде 4 бала болған. Техникалық ақаулықтан дизель жанармайы қатып, көлік құралы жүре алмаған. Оқиға орнына ЖАО бірлесіп құтқарушылар келді. Жылыту құралының көмегімен жанармайды жылытып, аккумуляторды қоректендірді, содан кейін автобус қозғалысты жалғастырды.
Сонымен қатар 23 ақпанда түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлікті сүйреп шығарылды.
Ақтөбе облысында шетел азаматтар құтқарылды
22 ақпанда таң атта құтқарушылар да 39 адамды эвакуациялады. 112 пультіне Ақтөбе облысы Әйтеке би аудынынан бірнеше шақырым жерде жабық жолда автобус тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар автобуста 39 жолаушы бар екенін анықтады. Құтқарушылар оларды Қарабұтақ ауылына эвакуациялады.
23 ақпанда Ақтөбе облысының 112 пультіне Қарғалы ауданының Бадамша ауылынан 40 шақырым жерде автожолдың жабық учаскесінде жүк автокөлігі істен шығуына байланысты тоқтап, қозғалысты жалғастыра алмайтынын туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жолданған құтқарушылар тоңып қалған жүргізушіні жақын жылыту пунктіне эвакуциялады. Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан құтқаругшыларына алғысын білдірді.
Сонымен қатар ТЖМ әскери қызметкерлері шетелдіктерге көмекке келді.Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Самара-Шымкент автожолында патрульдеу кезінде 4 Тәжікстан азаматтары мінген автокөлікті ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күшімен Хромтау қаласындағы Шерхан кемпингіне сүйреп жеткізілді. Белгілі болғандай олардың көліктері сынып, қозғалысты жалғастыра алмаған. Шетел азаматтары алғыстарын білдірді.
Бұдан басқа, ТЖМ жол талғамайтын көлігі зардап шеккен адамды тасымалдауға көмектесті. 112 пультіне Ақтөбе облысы Алға қаласында 1958 ж.т. ер адамға ота жасату үшін оны медициналық мекемеге тасымалдау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жол жабық болғандықтан, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол талғамайтын Трэкол көлігімен шығуға шешім қабылданды. Жолдың қиын бөлігін өтімділігі жоғары көлікпен еңсере отырып, құтқарушылар адамды шұғыл түрде Ақтөбе қаласына жеткізіп, одан әрі облыстық ауруханаға жатқызу үшін ЖМК бригадасына тапсырды.
Осы түнде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» және «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолдарында бірнеше көлік қар құрсауында қалды. Құтқарушылар жылыту пунктіне және жақын маңдағы елді мекендерге 21 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған автокөліктен 4 адамды құтқарды.
Сонымен қатар Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарында тұрғындарды құтқару мен техниканы қар құрсауынан шығару бойынша құтқару операциялары жүргізілді.
ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.