Әскери бөлімде маңызды кездесу өтті

1155
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Өткен сенбі күні Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінің клубында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында маңызды кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл шара еркін пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне қолдау көрсетуге тамаша мүмкіндік берді.

Кездесу барысында әскери полиция өкілі көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығын атап өтті.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық – немқұрайлы қарауға болмайтын маңызды мәселе. Әр ер адам өз отбасын қорғауға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Біз осындай жағдайға тап болған кез келген азаматқа көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді әскери полиция бөлімінің бастығы, полковник Любовь Подковырова.

Қатысушыларға зорлық-зомбылықтан құқықтық қорғау аспектілері түсіндіріліп, қолдау қызметтері мен жедел желілер туралы ақпарат берілді. Отбасындағы жанжалдардың алдын алу және өзара түсіністікті нығайту жөнінде кеңестер айтылды.

Сонымен қатар, кездесуде әскери қызметшілердің отбасыларының материалдық жағдайына қатысты мәселелер де қозғалды.

– Әскери қызметшілердің қызмет ету және өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында еңбекақы ғана емес, сондай-ақ қызмет өтілі, біліктілік және ерекше қызмет жағдайлары үшін қосымша төлемдер қарастырылған, – деп түсіндірді әскери бөлім командирі Бекзат Шакаров.

Кездесуге қатысушылардың бірі, әскери қызметшінің жұбайы өз әсерімен бөлісті:

– Мұндай кездесулердің өткізілуі өте маңызды. Әскери орта– бұл жай ғана қызмет емес, ол үлкен отбасы екенін сезіндім, мұнда әркім өзіне қолдау таба алады. Бүгін мен өзімді және жақындарымды қалай қорғауға болатынын, қиын жағдай туындағанда қайда жүгіну керектігін білдім. Бұл бізге болашаққа деген сенімділік береді. Ал жалақының көтерілуі туралы жаңалық – отбасыларымыз үшін тағы бір жақсы жаңалық болды, – деді ол.

​​​​​​​Осындай іс-шаралар әскери қызметшілердің отбасылары арасындағы байланысты нығайтып, бірлік пен өзара көмектің атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді. Кездесу жылы әсер қалдырып, барлық қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -