2025 жылғы 26 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ұлытау облысы
«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы - Жезқазған қаласы).
Қызылорда облысы
«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы - Ұлытау облысының шекарасы)
Жетісу облысы
"Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).
"Сарыөзек - Көктал" автожолының 141-142 шақырым аралығында (Көнбе көпірі)
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 470 арнайы техника мен 951 маман жұмылдырылды.