Түркістан облысында микрокаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды

1386
Фотосурет: freepik

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 25.02.2025 жылғы №25 бұйрығына сәйкес, «Оңтүстік Қаржы» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-ның (КС) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданысы «Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ алдындағы міндеттемесін толық орындағанға дейін тоқтатылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Лицензияның қолданылуын тоқтатуға Түркістан облыстық сотының ұйғарымы негіз болып табылады.  

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы  7 тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді.

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар КС клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес КС алдындағы міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапты болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -