Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Облыс прокуратурасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.
Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және «көмекшілер» деп аталатындардың кіргені анықталды.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.