ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы (ҰҒО) 2024 жылы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен көлемін арттыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, сурдологиялық әдістердің саны және кохлеарлы импланттары бар балаларға көрсетілетін көмек көлемі өсті, 3D-технологияларды пайдалана отырып протездеу процестері жетілдірілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мәселен, өткен жылы ҰҒО-да халықтың сурдологиялық қабылдауларының саны 10%-ға, медициналық-техникалық комиссияның консультациялары 28%-ға артты.
Азаматтардың өтініштерінің өсуіне байланысты есту-сөйлеуді оңалтуға тартылған қызметкерлер штаты кеңейтілді. Сонымен бірге жұмыстың осы бағыты бойынша 25 маман біліктілігін көтеруден өтті.
Күндізгі және тәулік бойы бақылау жағдайында есту-сөйлеуді оңалту барысында кохлеарлық импланттаудан кейін балалармен жұмыс істеу үшін жаңа әдістемелік және білім беру бағдарламалары әзірленді. Тәулік бойы бақылау жағдайында Қазақстанның шалғай өңірлерінен кохлеарлық импланттары бар балаларға көмек көрсету деңгейі артты, соның ішінде Абай және Ұлытау облыстарының пациенттері де қосымша қамтылды. Осылайша, 17 өңірдегі осындай жәрдемге мұқтаж балаларға тиісті көмек көрсетілді.
Бұл ретте ҰҒО пациенттерінің 80%-дан астамы көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылықтарын білдіргенін атап өту орынды.
Бұдан басқа ҰҒО-ға протездік-ортопедиялық салада инновациялық технологиялар енгізілді, 3D-технологияларды пайдалана отырып протездеудің технологиялық үдерістері жетілдірілді.
Мемлекеттік тапсырыс аясында 248 протездік-ортопедиялық бұйымдар жасалды, оның 6-ы инновациялық, 242-сі жаңа технологиялар арқылы жүзеге асты.