Әскерилердің балалары оқу-сауықтыру орталығына аттанды

1815
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизоны

Абай гарнизоны әскери қызметшілерінің балалары Балхаш қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына аттанды. Бұл жолы әскерилердің 20-ға жуық баласы сауықтыру лагерінде тынығатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Балаларды теміржол бекетінен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысының әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанова мен ата-аналар шығарып салды.

Балаларға демалуға  мүмкіндік беріліп отырғанына алғысын білдірген Балым Қуанышқызы  лагерге алғаш рет барып отырғанын айтады.  Қаладағы №9 мектептің оқушысы Балым орталықта бос уақытын тиімді өткізетініне сенімді.

- «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында әскери қызметшілердің балаларына сауықтыру және патриоттық тәрбие беру мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жолы 5-9 сынып оқушылары кетсе, алдағы сәуір айында әскери қызметшілердің 9-10 сынып оқушылары Қонаев қаласында тынығып қайтатын болады. Одан кейін тағыда Балқаш қаласындағы орталыққа балаларымызды жіберетін боламыз, -  дейді Ақмарал Ахметжанова.

Әскери қызметшілердің балалары Балқаш қаласындағы оқу-сауықтыру орталығында мектеп бағдарламасы бойынша білім алады. Сонымен қатар жасөспірімдерге сауықтыру және патриоттық тәрбие беру мақсатындағы шаралар өткізіледі. Айта кетейік, балалардың жазғы демеласы еліміздің Қорғаныс және Білім министрліктерінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспары аясында жүзеге асырылуда

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -