Қазақстандағы балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар 2024 жылы нәресте өлімінің көрсеткішін 8,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, ал неонаталдық өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Қазақстан орталық Азиядағы реанимация бөлімшесіндегі бір нәрестеге бір мейіргер күтім жасау керек деген маңызды қағиданы неонаталдық көмек стандартына енгізген бірінші және жалғыз ел.», - деді А.Әлназарова.
Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде 15 «Бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті.
Нәтижесінде туа біткен ақаулардың ерте анықталуы 10%-ға өсті. Алғаш рет ұрықтың патологиясын аз инвазивті әдістерді қолдана отырып, жатырішілік емдеу үшін «Феталдық медицина» енгізілді.
«Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша сәбилердің өмір сүру деңгейін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға және ТДК-ден сәбилер өлімін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде бір күндік емханалар құруды аяқтау қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы өңірлік алқа қатысушыларына арнаған сөзінде.