8 ұялы телефонды Тараздағы колонияның қоршауы арқылы өткізуге әрекет жасалды

1408
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

26 ақпан 2025 жылы сағат 20:40-та Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған.

Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 ұялы телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді.

Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -