Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік рәсімдермен жүк АКҚ әкелу және орналастыру кезінде ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасында белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қажет екенін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
ЕАЭО кедендік аумағына ЕАЭО кедендік аумағындағы сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді әкелу тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген.
КО ТР 018/2011 8-тармағына сәйкес айналымға шығару кезінде:
- сәйкестігін бағалау типін мақұлдау нысанында жүргізілген көлік құралдары үшін - көлік құралының мақұлдау типі;
- шасси үшін - шасси типін мақұлдау;
- жеке көлік құралдары үшін - көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар болып табылады.
Қосымша мыналарды:
- егер жүк АКҚ арнайы техникаға жататын болса - «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ТР КО 010/2011;
- егер автомобильде электронды басқару жүйелері болса - «Электромагниттік үйлесімділік» ТР КО 020/2011 қолдануға болады.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде кеден заңнамасының жоғарыда көрсетілген нормаларын басшылыққа алу қажет.
Рұқсат құжаттарын беру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарға
(ҚР ӨҚМ және ҚР СИМ ТРМК) жүгінуді ұсынамыз.