1265
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Біз барлығымыз білетіндей қазақ халқы әлем халықтарының арасындағы ең қонақжай халықтардың бірі.

Әрине, үйімізге келген кез-келген қонақты төрімізге шығарып, ­­қонақ қылып күтпей қайтармаймыз. Мәселен қарап отырсақ, қазақ халқы сонау заманда тағдыр тәлкегіне ұшыраған көптеген өзге ұлт өкілдеріне пана беріп, өз бауырына басқан. Ал бүгінде міне, біршама жыл бұрын бауырына басқан ұлт өкілдерінің қазіргі ұрпақтары қазақ даласында қазақ халқымен бір шаңырақта тұрып жатыр. Алып қарайтын болсақ, бір шаңырақта тұрып ғана қоймай, еліміздің тыныштығын қорғауға өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ, жыл сайын қазақ халқына деген өздерінің алғысын білдіруде. Бүгінде елімізде 1 наурыз алғыс айту күні болып бекітілген. Көктемнің алғашқы мерекесі болып саналатын бұл мереке әрбір адамның көңіліне жылулық сыйлайды. Бұл мереке бір шаңырақ астында тұрып жатқан халықтардың достығы мен мейірімділігің сипаты. Қазақстан халқың мәңгіге біріктерітін бұл мерекенің қазіргі таңда дәрежесі өте биік. Біздің кішкентай Степногорск қаламыздың өзіңде көптеген өзге ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан Респубилкасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінде де біршама өзге ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қала тыныштығын күзетіп жүр. Әрине, қазақ жері бұл біздің туып өскен жеріміз. Бұл кең байтақ даланы қорғау біздің басты мінде. Ал бүгінде 1-наурыз алғыс айту күні қарсаныңда мен 3517 әскери бөлімнің жеке құрамына, Степногорск қаласының тұрғындарына өз алғысымды білдіргім келіп отыр.

Ең алдымен Отан қорғауға біздің әскери бөлімге өз ұлдарын жіберген әрбір ата-анаға алғысым шексіз. Сіздердің ұлдарыңыз өздерінің Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүр. Сіздердің қолдауларыңыз бен мейірімділіктеріңіздің арқасында ұлдарыңыз еш уайымсыз қызмет атқаруда. Сіздерге осы қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Ал, Степногорск қаласының кез-келген тұрғыны біздің ұландықтардың қызметтеріне әрдайым көңілдері толып жүргенің байқауға болады. Қаламызда өтетін мәдени іс-шараларға шақырып, ұландықтарға өз қолдауларын көрсетуде. Алғыс айту күні қарсаныңда барлықтарыңызға тек шын жүректен алғыс айтып, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын деймін.

3517 әскери бөлімінің командирі подполковник Аристанбаев Айбек Турдымуратович

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -