Монополияға қарсы орган"Қорғас" ХШЫО еншілес компанияларын жекешелендіруді ұсынады

1298
Фотосурет: inform.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас-Коммерц» ЖШС, «Қорғас-Энерго» және «Қорғас-Сервис» – «Қорғас» ШЫХО» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» АҚ еншілес компаниялары тарапынан монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осы компанияларға қатысты заңнамаға сәйкес келмейтін қызметті тоқтату туралы ұйғарымдар шығарылды.

«Қорғас-Коммерц» ЖШС және «Қорғас-Сервис» сотта ұйғарымға қарсы шықты, алайда сот органдары монополияға қарсы органның талаптарын заңды деп таныды. Сот шешімін орындау нәтижесінде аталған компаниялар бұрынғы форматта қызметін тоқтатты.

Монополияға қарсы орган бұл компанияларды жекешелендіруді және оларды бәсекелестік ортаға беруді ұсынды. Бұл оларға нарық жағдайында жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -