Қазақстанда әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында бағдарлама іске асырылуда

1661
Фотосурет: Gov

«Әрбір әйел-әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру нәтижелері бойынша 2024 жылы ана өлімінің көрсеткішін 12%-ға төмендетуге қол жеткізілді, деп хабарлады бүгін ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол анадан айырылуға әсер ететін негізгі фактор әйелдердің экстрагениталдық аурулары және прегравидалдық дайындықтың төмен болуы екенін атап өтті.

Министрлік әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлауға өркениетті және ақылға қонымды тәсіл үшін «Аналар саулығы»арнайы бағдарламасын бекітті.

Бағдарламаның шеңберінде елде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер МӘМС шеңберінде 12 базалық зерттеп-қараудан өтеді, патология анықталған кезде оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.

«Маңызды бағдарламаның іске асырылуын тиісті бақылауға алуды және ағымдағы жылдың соңына дейін 50%-ға дейін прегравидарлық дайындықпен қамтуды қамтамасыз етуді сұраймын. Атап айтқанда, әйелдердің арасында сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі байқалатын өңірлердегі жұмысты күшейту қажет», - деді ведомство басшысы өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына сөйлеген сөзінде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -