Қарлы боран: құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

1562
Фотосурет: Gov

27 ақпанда Маңғыстау облысында ауа–райының нашарлауына байланысты қалың қар жауды, облыстық маңызы бар «Ақтау-әуежай» автожолында көктайғақ болды. Адамдар бар көліктер қарлы боранға кептеліп қалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

  Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауынан құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне 362 адам болған 152 автокөлік құралын шығарып алды. Зардап шеккендер жоқ.  

  Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

  Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.

  Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -