Біздің кең байтақ даламыз әлем мемлекеттері арасында жер көлемі бойынша 9-шы орында тұр. Бұл дегеніміз біздің жас мемлекетіміздің дәрежесінің биіктігін көрсетеді.
Бүгінде жаста болсада, өзіндік дамуы бар бұл мемлекетімізде көптеген өзге ұлт өкілдері тұрады. Әрине, барлығымыз білетіндей қазақ халқы қиын қыстау замандарда өзге ұлт өкілдерін өз бауырына басып, өздерінің қонақжайлылығын көрсеткен. Ал бүгінде бір шаңырақ астында өсіп келе жатқан бұл өзге ұлт өкілдері қазақ халқына әрдайым өздерінің алғысын білдіріп келеді. Елімізде тіпті 1-наурыз алғыс айту күні болып бекітілді. 2016 жылдан бері тойланып келе жатқан мерекеге міне биыл 9 жыл толып отыр. Көктемнің жайма шуақ ауа-райының алғашқы күнімен тұспа тұс келетін бұл мерекенің негізгі мақсаты көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің керемет үлгісіне айналу.
Ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына төзімділік пен қонақжайлық танытқаны үшін өздерінің алғысын білдіретін күн. Бұл мереке қарсаныңда еліміздегі көптеген мемлекеттік мекемелерде түрлі-түрлі іс-шаралар өтеді. Бүгінде бұндай іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінде де өткізіледі. Ал, халқымыз үшін бұл күн «рахмет» сөзімен бастау алады. Бүгінде менде аталмыш мереке қарсаныңда барша Қостанай қаласының тұрғындарына, 6697 әскери бөлімнің жеке құрамына сондай-ақ, өздерінің балаларын Отан алдындағы борышын атқару үшін 6697 әскери бөліміне сеніп тапсырған әрбір ата-анаға алғыс білдіргім келеді.
Бұл күн ізгілік пен мейірімділіктің мерекесі. Сіздерге алғыс айта отырып, отбасыларыңызға тек бақыт береке тілеп, еліміз тыныш жұртымыз аман болсын деймін.
Алғыс айту күні тек ризашылық білдіру ғана емес, жақсылықтың бағасын білу күні. Еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында жасаған әрбір жақсылықтарыңыз үшін баршаңызға шын жүректен алғысымды білдіремін!
6505 әскери бөлімінің командирі полковник Кыргызбаев Максат Калиевич