Әскери теңізшілер жолда қалып қойған отыз ақтаулыққа көмектесті

1177
Фотосурет: Gov

Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері облыс орталығынан 20 шақырым жерде боранда қалған автокөліктерді қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты тас жолда жолаушыларымен көліктер легі қалған. 

Теңіз жаяу әскерлері тез арада жолда қалған адамдарға көмектесу туралы шешім қабылдады. Олар көліктерді қауіпсіз жерге сүйреп апарып, КамАЗ көлігімен жолаушыларды облыс орталығына жеткізді. 

– Біз өзіміздің пунктке келе жатқанбыз. Жолда қарлы боранның салдарынан қозғала алмай тұрған көліктерді көрдік. Барлығы сегіз жеңіл автокөлікті, автобусты және екі жүк микроавтобусын сүйреп шығардық, – деді минаатқыштар батареясы командирінің орынбасары аға лейтенант Айтмұхамед Әбдімүтәліп. 

Бұл жағдай әскери қызметшілердің жағдайды тез бағалау қабілетін және олардың болған жайда нақты және үйлесімді әрекет етуге дайындығын растайды. Жүргізушілер мен жолаушылар теңіз жаяу әскерлеріне жағдайға бей-жай қарамай, жедел әрекет еткендері үшін шын жүректен алғыс айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -