Ақтөбеде Алғыс айту күні аталып өтті

1485
Фотосурет: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбеліктер татулықтың нышанына айналған Алғыс айту күнін атап өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ақтөбеде Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  

ҚХА ғимаратында өткен «Алғыс бәріңе» атты мәдени шараға облыс әкімітүрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты.

30 жыл бұрын 1 наурызда еліміздеҚазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы жылдар ішінде ҚХА елдегі этносаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарды және қоғам мен мемлекет арасындағы диалог үшін бірегей алаңға айналды.

Шарада өңір басшысы Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып бердіонда Ассамблеяның ұлттық бірлікті нығайтуғаелдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан зор үлесі жайлы атап өтілді.

Облыс әкімі ақтөбеліктерді атаулы күн менжәне Алғыс айту күнімен құттықтапоның мейірімділіктіңбейбітшілік пен келісімнің символы екенін тілге тиек еттіОл өңірдің барша тұрғындарына облыстың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріпденсаулықамандық және табыс тіледі.

«Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келген көктемнің шуақты мерекесі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесімі тапқан күні. Алғыс айту күні деген қиын сәттерде бізді қолдағандарға жылы сөздер айтуға ғана емес, сонымен бірге бейбітшілік пен келісімге деген адалдығымызды қайта дәлелдеуге мүмкіндік беретін ерекше сәт. Баршаңызды ынтымағы мен бірлігі жарасқан өңіріміздің нығаюына және өсіп-өркендеуіне, көркейюіне, тұрақты дамуына қосқан үлестеріңіз, сіңірген қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Әр отбасыға амандық, бақ-береке және татулық тілеймін» Асхат Шахаров

Осыдан кейін облыс әкімі Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан өңірдегі ҚХА ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Хабиба Саркулова, Константин Цхай, Хасан Сагаев, Роза Болдагарина және Еркін Құрманбеков бар.

Сондай-ақ«Жұмысшы мамандықтаржылы» аясында облыс әкімінің алғыс хаттарымен әртүрлі сала өкілдері марапатталдыолар күнделікті өмірдеқажырлы еңбектерімен аймақтың өркендеуіне үлес қосып келеді.

Алғысхат «Neo plus» ЖШС қызметкері Айкенже Намазбаеваға табысталдыАйкенже кәсіпорында 21 жылдан бері жұмыс істейдіөз міндеттерін адал атқарып жүр. Оның күш-жігерінің арқасында қалада тазалық пен тәртіп қамтамасыз етілуде.

Сондай-ақ, «Qala Trans» ЖШС автобус жүргізушісі Сергей Храмов өмірінің 37 жылынқоғамдық көлік саласына арнадыжолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күнделікті жұмысы үшін олалғыс хатқа ие болды.

Облыс әкімінің Алғыс хатымен Ақтөбе хром қосындылары зауытының жөндеу-механикалық цехының кран машинисі Гүлуся Рабежа марапатталдыЕңбек өтілі – 46 жылол өзін әркез бастамашыл және жауапты маманретінде көрсетіп келеді.

Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертпен жалғастыБағдарламада «Шатлық», «Достық» ансамбльдері«Zhana.kz» және басқа да хореографиялық және вокалдық нөмірлеркөрермен назарына ұсынылды.

Мереке Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің маңызын тағы бір айшықтай түсті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -