Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті

1595
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұландықтар ардагер Василий Сердюковты және Владимир Дровосековты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, жауынгерлік ерліктері мен еңбектері үшін алғыстарын білдірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құрмет қарауыл ротасы саптық дефиле көрсетіп, Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетілімдік оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, ардагерлерге есте қаларлық әрі құрметке толы ерекше салтанатты шара ұйымдастырылды.

5573 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Ансаған Балтабековтің атынан Алғыс айту күніне арналған құттықтау хаттарын табыстап, майдангерлердің ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Василий Сердюков келген қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып, әскери қызметшілердің  көрсеткен ілтипаты үшін алғысын айтты.

"Ардагерлерді ұмытпай, құрмет көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Сіздерді сапта, салтанатты киім үлгісінде көру және жастық шағымыздың таныс әуендерін тыңдау –  біз үшін үлкен мәртебе әрі қуаныш"  Василий Сердюков 

В. Сердюков 1926 жылы 21 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Соғыс жылдарында артиллерия бөлімшесінде қызмет атқарып, Беларусь жеріндегі шайқастарға қатысқан.

Соғыстан оралғаннан кейін өмірін теміржол саласына арнап, жүргізушіден бастап станция бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.

"Біз ауыр сынақтардан өттік, бірақ әрқашан жеңіске сендік. Бүгін бізді құттықтап келгендеріңізде сол соғыс жылдарындағы рухтың күшін қайта сезінгендей болдым. Қызметтеріңіз үшін, тарихты қадірлеп жүргендерің үшін рахмет!"  Владимир Дровосеков

В. Дровосеков 1926 жылы 18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1944 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 3-Беларусь майданындағы ұрыстарға қатысты. Соғыстан кейін КСРО ІІМ шекара әскері қатарында Тынық мұхиты флотының құрамында Сахалин аралында қызмет етті. 1952 жылы Ақмолаға оралып, арнайы комендатурада еңбек етті, ал 1954-1986 жылдары вагон жөндеу зауытында цех механигі болып жұмыс істеді.

Ерлігі мен адал еңбегі үшін II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Маршал Жуков медалімен және өзге де мерейтойлық марапаттармен наградталған.

Айта кетейік, Ұлттық ұланда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы жалғасуда. Мұндай іс-шаралар ардагерлерге ризашылық білдіріп, тарихи мұраны келешек  ұрпаққа насихаттауға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -