Әскери қызметшілер соғыс ардагерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алғыс айту күні Қарулы күштердің әскерилері мен ардагерлер бірлестіктері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап барды.
Астанада әскери қызметшілер Рзағұл Байкешевке, Владимир Дровосековке және Василий Сердюковке, ал Таразда – соғысқа қатысушы Геннадий Ивановтың үйінде болды.
Алматыда олар Дарбал Жабатаевпен, Екатерина Барановамен, Әбдірахман Ишмұхамедовпен, Василий Шипиловпен, Виктор Изюмниковпен және Зұлхарнай Сейітовпен кездесті.
Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің өкілдері майдангерлер Федор Ковалев пен Әлім Кебіров, Ақмола облысында Анатолий Комяков пен Иосиф Коминге барды. Шымкентте департаменттің әскери қызметшілері ардагерлер Мұраталы Төлепбергенұлы және Нина Мосуновамен әңгімелесті.
Қорғаныс ведомствосы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері майдангерлерді мерекемен құттықтап, хал-жайын сұрап, күнделікті, тұрмыстық мәселелерін шешуге дайын екендіктерін білдіріп, оларға зор денсаулық, берекелі ұзақ өмір тіледі.
Мерекелік іс-шаралар аясында Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімі сауда орталығында Ұлы Отан соғысының ардагері Ділдәбек Нұрышевке арналған концерт ұйымдастырды. Майдангер жергілікті аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен, "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілерімен және қала тұрғындарымен бірге үрмелі аспаптар оркестрінің өнерін тамашалады.