Боран салдарынан республикалық автожолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 1 наурыз сағат 20:00-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы
- "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы - Маржанбұлақ ауылы);
- "РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Батыс Қазақстан облысы
- "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысы шекарасы).
Қызылорда облысы
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Жолды 2025 жылғы 2 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.