Республикалық тас жолдарда қозғалысқа шұғыл шектеу енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 1 наурыз сағат 20:00-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:.
Ақтөбе облысы
• "РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасы .).
Қызылорда облысы
• «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Жолды 2025 жылғы 2 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 
   
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.   
 
                                             
                                                             
                                                             
                                                             
                                                            