Қазақ халқының қорғаныс қабілетін нығайту: басымдықтар мен міндеттер

3641
Фотосурет: Gov

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысында орналасқан ҚР ТЖМ Мартбек Мамыраев атындағы 52859 әскери бөліміне барды. Жұмыс сапары аясында ол әскери қызметшілерге азаматтық қорғаныс бөлімшесінің жауынгерлік қабілетін күшейте отырып, жаңа арнайы техниканың кілттерін табыс етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Салтанатты түрде бөлімге КамАЗ және Toyota Hilux базасында әскери-құтқару көліктері қызметке кірді.

Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғанысты жаңғырту мен техникалық жарақтандыруға басымдық болатынын атап өтті. 2025 жылы 72 бірлік техника, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жеке құрамға арналған заманауи киім-кешек, құрал-жабдықтар мен жарақтар сатып алынды.

«Ведомствоның құтқару әскери құралымдарын заманауи техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету - бұл төтенше жағдайларға қарсы күресте жеделдік пен тиімділіктің кепілі. Біз кез келген сын-тегеуріндерге, соның ішінде алдағы су тасқыны кезеңіне дайын болу үшін материалдық — техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырамыз», - деп министр атап өтті.

Сапар барысында Шыңғыс Әрінов офицерлер мен сарбаздардың қызмет ету шарттарымен танысып, авариялық-құтқару жұмыстарына әзірліктерін тексеріп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындықты қадағалады. Биыл ТЖМ шеруде Қазақстанның астанасында өз бөлімшелерінің парадтық есептобы мен әскери техникасын ұсынады.

ТЖМ азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік ТЖ-дан қорғау, сондай-ақ авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу жөніндегі міндеттерді орындайды. Жедел ден қою үшін күштер мен құралдар өңірлер бойынша, яғни Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы, Орал, Өскемен және Қостанайда бөлінді.

ТЖМ құрамына ауысқан сәттен бастап бөлімшелер 451 төтенше жағдайды жоюға қатысып, 2 513 адамды құтқарды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -