Алғыс айту күніне орай Байқоңыр ауданында жұмысшы мамандарға 1 құрмет көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Мерекелік шара К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды студенттерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шара барысында түрлі сала өкілдері құрметті сыйлықтармен марапатталды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында көрермендерге мерекелік ерекше қойылымдар ұсынылды.

Сонымен қатар, шара қонақтарына заманауи әндер мен билер, сондай-ақ аспаптық ансамбльдің музыкалары ұсынылды.

Еске салайық, 1 наурыз – Қазақстанда Алғыс айту күні. Биыл Астанада Алғыс айту күнін мерекелеу тағы бір маңызды оқиға – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралардың басталуымен ерекшеленді. Осы есте қаларлық датаға орай Астанада ондаған түрлі спорттық, мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.