Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін 2024 жылы еліміздің 5 өңірінде 6 жаңа желілік үдеткішті іске қосты, бұл сәулелік терапиямен қамтуды 3,2%-ға өсумен 41%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, деп атап өтті бүгін ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ауруларды дәл диагностикалау және обырды емдеудің тиімді әдістерін әзірлеу үшін Алматыда 2 жаңа ПЭТ/КТ орталығын және бір циклотрондық-өндірістік кешенді ашу маңызды қадам болды.
Таяу жылдары Қазақстанда Астана, Ақтау, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбеде жаңа ядролық медицина орталықтары, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Ақтөбеде тераностика орталықтары іске қосылады.
Сондай-ақ, биылғы жылы Алматыдағы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының ғимаратын салу және циклотрондық-өндірістік кешенмен жарақтандыру көзделген.
Бұл шаралар онкологиялық көмекке мұқтаж пациенттерді ПЭТ-диагностикамен, инновациялық емдеу әдістерімен 100% қамтуды қамтамасыз етуге және радионуклидтік терапияның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыр диагнозы бар пациенттер шетелге, басқа қалаларға бармай және өз кезегін күтпестен тұрғылықты жерінде емделе алады.