ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалық кеңсесі 27-28 ақпанда ҚР Парламенті Сенатымен бірлесе отырып «Парламенттік ашықтық іс жүзінде: депутаттар көмекшілерінде soft skills дамыту» тренингін ұйымдастырды. Оқу Парламентте тиімді жұмыс істеуге қажетті негізгі дағдыны дамытуға бағытталған, деп хабарлайды DKnews.kz.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Қатысушылар тренинг барысында өздерінің сыни тұрғыда ойлау дағдысын жетілдіре түсті, ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа әдістерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимыл қағидатымен танысты. Эмоционалды интеллекті дамытуға, уақытты басқаруға және өзін-өзі ұйымдастыру дағдысына ерекше назар аударылды.
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Суретті түсірген: А.Байжұманов
Ауызша және жазбаша коммуникацияға арналған модульдер оқудағы маңызды мәселенің бірі болды. Депутаттардың көмекшілері азаматтардың өтінішіне дәлелді жауап дайындау, іскерлік хат алмасу, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын пысықтады. Тренинг парламенттік қызмет жағдайында тиімді жұмыс істеуге қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал ететін болады.