Ұландықтар Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды

2805
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызмет

Ақтау қаласында ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өткен чемпионатқа сегіз салмақ дәрежесінде 600-ге жуық спортшы қатысты.

Бұл спорттық шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де бақ сынады. Нәтижесінде спорттық самбо бойынша 98 келіге дейінгі салмақта 5451 әскери бөлімінің химиялық, радиациялық және биологиялық қорғау бөлімінің маманы қатардағы жауынгер Болат Сапар 2 орынды иеленсе, 88 келіге дейінгі салмақта 6655 әскери бөлімінің әскери жасақтар бастығы қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, 5451 әскери бөліміне әскери қызметке үміткер Жандос Бейсенбаев 64 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, 88 келіге дейінгі салмақта 6655 әскери бөлімінің аға атқышы ефрейтор Азат Қуанов 3 орынға ие болды.

Жауынгерлік самбо бойынша 79 келіге дейінгі салмақта 3502 әскери бөлімінің офицері капитан Дархан Дәулет 3 орын алса, 53 келіге дейінгі салмақта 6697 әскери бөлімінің әскери жасақтар бастығы ефрейтор Жастілек Ахметбеков күміс медальмен марапатталды.

Чемпионаттың нәтижелері бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленген спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі. Бұл жарыс спортшыларға  сәуір айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі болды, сондай-ақ қарашада Ашхабадта болатын әлем чемпионатына жолдама берді.

Чемпионат басталмас бұрын Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Самбо федерациясының вице-президенті Манарбек Бисекеновтың төрағалығымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа республикалық Самбо федерациясының бас хатшысы Диас Үкімет, жарыс судьялары, жаттықтырушылар және аймақтық федерациялардың өкілдері қатысты. Жиналыста жарыстың барысы, төрешілік, әкімшілік мәселелер және болашақ жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ, самбода спортындағы жаңашылдықтар туралы да айтылды.

Кездесуді қорытындылай келе, Манарбек Бисекенов ҚР Самбо федерациясының бұрынғы бас хатшысы Ерназар Бексұлтановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -