Air Astana Вьетнамға жаңа рейс ашады

3113
Фотосурет: Air Astana

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биылғы жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады.

Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -