Түркістанға ерекше мәртебе берілді: Тоқаев заңға қол қойды

3256
Фотосурет: NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
       
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
       
  • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
       
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
       
  • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
       
  • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
       
  • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
       
  • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
       
  • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
       
  • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -