Өткен аптадағы қазақстандық спортшылардың жеңістері

1947
Фотосурет: ҚР ТСМ

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі, деп хабарлайды DKnews.kz:

Бокс: Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан турнирдің үздік боксшысы атанды.

Конькимен жүгіру: Ұлттық құрама спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды.

Көркем жүзу: Франция астанасы Париждегі Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде отандастарымыз бір алтын, екі күміс жүлде олжалады.

Брейкинг: Индонезияда ұйымдастырылған Fresh Mo Jam халықаралық рейтингтік турнирінде Диас Әубәкіров топ жарды. Ол финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Виктор Монтальводан басым түсті.

Күрес: Албания астанасы Тиранада өткен рейтингтік турнирде Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль еншіледі.

Дзюдо: Ташкенттегі (Өзбекстан) Grand Slam жарысында Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды.

Фристайл-могул: Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қол жеткізді. Анастасия кіші финалда америкалық Тесс Джонсоннан озып кетті.

Таэквондо: Болгария астанасы Софияда өткен Bulgaria Open G1 турнирінде Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді.

Су добы: Қытайдың Чжаоцин қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -