2025 жылғы 1 наурыздан бастап Маңғыстау облысының аумағында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық Коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің бастығы Руслан Балтеміров хабарлайды.
Спикердің айтуынша, аталған науқан маусым айының соңына дейін жалғасады. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады.
- Әскерге шақыру – бұл Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жас сарбаздармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды процесс. 2025 жылы Маңғыстау облысынан 1200-ден астам жас сарбаз еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімдерге жіберіледі. Сондай-ақ, Медициналық және әскерге шақыру комиссиялары екі қала мен алты ауданда өз жұмысын бастайды, - деді Руслан Балтеміров
Сонымен қатар, жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақырылушыларды хабардар ету бойынша белсенді жұмыс жүргізетін болады. Осы тұрғыда, департамент бастығының орынбасары Еркін Алпанов өз пікірін білдірді.
- Биыл азаматтарды хабардар ету үшін дәстүрлі шақыру қағаздарынан бөлек, заманауи технологиялар да қолданылады – әскерге шақырылушылардың ұялы телефондарына SMS-хабарламалар жіберіледі. Онымен қоса, «Өткен жылы Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақыру жоспарын 113%-ға орындады, бұл Қарулы Күштер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұл біздің өңірдің көшбасшылар қатарында екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта 200-ден астам жас сарбаз Маңғыстау облысында орналасқан әскери бөлімдер мен әскери құрылымдарда қызмет етуде. Сондай-ақ 2024 жылы 25 азамат жоғары әскери оқу орындарына оқуға түсті, олардың бірі Түркияда білім алуда», – деді Еркін Алпанов
«Аналардың жүректері» сарбаздар аналарының кеңесі».
Республикалық когамдық бірлестігінің Манғыстау облысы бойынша филиалы басшысы Гүлмира Жанысбаеваның айтуынша, әскерге шақырылушылар бұрынғыдай түрлі жеңілдіктерге үміттене алады. Олардың қатарында 14 айлық несие демалысы, мерзімді әскери қызметтен кейін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына және әскери оқу орындарына жеңілдікпен түсу мүмкіндігі, сондай-ақ жоғары немесе арнаулы орта білімі бар сарбаздар үшін алты айлық қызметтен кейін әскери бөлімдерде келісімшарт бойынша қызметке орналасу мүмкіндігі бар,- деп атап өтті.
Сонымен қатар, ақпараттық технологиялардың дамуымен әрбір жас азаматтың eGov порталында жеке кабинеті бар, оған оның мобильді телефон нөмірі тіркелген. Жергілікті әскери басқару органдары сол нөмірге әскери есеп орнына келу қажеттігі туралы электронды шақыру қағаздарын жібереді. Бұл хабарламаларды елемеу ұсынылмайды, себебі шақыру қағазының талаптарына сай келмеген жағдайда, әскерге шақырылушы іздестіру тізіміне енгізіледі. Кейін бұл тізімдер бойынша құқық қорғау органдары жұмыс жүргізеді.
Ақтау гарнизоны әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов әскерге шақырылушылардың мұқият және жауапты болуының маңыздылығын атап өтті: «Осы хабарламаларды елемеуге болмайды. Егер жас сарбаз SMS-шақыруға сәйкес келмесе және келмесе, ол іздестіру тізіміне енгізіледі, әрі бұл тізімдер бойынша құқық қорғау органдары жұмыс істей бастайды».
Әскерге шақыру науқаны – бұл тек армияны жас сарбаздармен қамтамасыз ететін ғана емес, сондай-ақ болашақ әскери қызметшілерге әскери және азаматтық өмірде көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер беретін маңызды процесс.