Астана қаласының Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында өткен "Best-stars-Astana" республикалық балалар конкурсында Аягөз қаласы атынан қатысқан әскери қызметшілер балалары жаттығатын «Айгерім» би үйірмесі жеңіске жетіп, жоғары марапат – Гран-приді жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бас жүлде - Литва мен Болгария мемлекетінде өтетін халықаралық байқауларға тегін қатысуға жолдама.
Аталмыш сайыста жас дарындар хореографияда шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Қазылар алқасын өздерінің талантымен, еңбекқорлығымен және шығармашылығымен бағындырды. Олардың жетекшісі Әйгерім Омарбекқызына осындай талантты шәкірттерді тәрбиелегені үшін "Үздік хореограф"номинациясы берілді.
Дайындығымыз жоғары деңгейде болды, соңғы жаттығу жұмыстарындағы еңбектің балаларға зор пайдасы тигені анық. Сайысқа қатысамыз деген жаңалықты естігенде қуанып едік, жарыс қортындысы бойынша Бас жүлдеге ие болғанда төбеміз көкке жеткендей болды. Бұл жеңісімізге балаларыммен бірге өте қуаныштымыз және менің ғана емес әр ата-ананың еңбегі мен жеңісі деп айталам Деп би жетекші Айгерім Омарбекқызы қуанышымен бөлісті
Осындай биік шыңдарды бағындырған әскери қызметшілердің балаларына әрдайым шығармашылық табыс тілейміз!