Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының ең табысты жобаларының бірі – Орталық Азиядағы ең ірі мұнай зауыттарының бірі саналатын Шымкент мұнай зауытының жаңғырту жобасының бірінші кезеңі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгінгі күнге дейін зауыттың өндірістік қуатын жылына 12 миллион тонна мұнайға дейін ұлғайтуға бағытталған екінші кезеңі басталды.
Бұған дейін Энергетика министрлігінде «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС және CNPC өкілдерімен бірлесіп, Жобаның Шеңберлік келісімінің жобасын талқылау мақсатында жұмыс кеңесі өтті. Осы келісім аясында тараптар жоба бойынша бірлескен іске асырудың негізгі принциптерін бекітіп, құжатқа жақын арада қол қою туралы шешім қабылдады. Бұл қадам жоба бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын практикалық кезеңге өтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстанның ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған KMG PetroChem-тің перспективалы бағыты – карбамид өндіру зауытын салу жобасы талқыланды.
Жылына 1 миллион тоннаға дейін карбамид өндіру қуаты жоспарланған зауыт азот тыңайтқыштарының қолжетімділігін арттыруға маңызды қадам болады.
Айта кету керек, 2024 жылы осы жоба шеңберінде азот тыңайтқыштарының импортын алмастыруға және ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мұнай – газ химиясында әлемдік тәжірибесі бар стратегиялық әріптес-CNPC компаниясын айқындауды қоса алғанда, елеулі жұмыс жүргізілді.