Қызылорда және Ұлытау облыстарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектеулері алынды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 04 наурыз сағат 08:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:
Қызылорда облысы
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Қызылорда қаласы - Ұлытау облысы шекарасы);
- "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының 1474-2046 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Айтеке би ауылы - Бесарық ауылы);
Ұлытау облысы
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасы - Жезқазған қаласы);
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.