«ҚТЖ «ҰК» АҚ деректері бойынша 2024/2025 жылдың қыркүйек – ақпан айларында 7,4 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде ел ішінде 1,6 млн тонна және экспортқа 5,8 млн тонна. Экспорт көлемінің өсуі 53% құрады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Өзбекстанға 2,2 млн тонна экспортталды, бұл 2023/2024 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 34%-ға артық, Тәжікстан – 857 мың тонна (өсім 49%), Ауғанстан-248 мың тонна (өсім 36%). Иранға жеткізілім 18 есеге немесе 700 мың тоннаға, Әзірбайжанға жеткізілім 90 есеге немесе 363 мың тоннаға өсті.
Қаңтар-ақпан айларында 466 мың тонна ұн тасымалданды, оның ішінде экспорт 314 мың тоннаны құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде ел ішінде 2,5 млн тонна және экспортқа 8,1 млн тонна, 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның ішінде ҚР ішінде 817 мың тонна және экспортқа 3% өсіммен 2,4 млн тонна.