Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 26 ақпандағы №8 Басқарма қаулысын қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қаулы борышкерлер мен коллекторлар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Қаулыға сәйкес коллекторлық агенттіктер борышкерлердің келіп түскен және қаралған өтініштерінің есебін жүргізуге, сондай-ақ қолданылған реттеу шараларын және берешекті өтеу шарттарын өзгертуден бас тарту себептерін тіркеуге міндетті болады.
Бұл борышкерлермен өзара іс-қимыл процесінің ашықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте осы мәліметтерді Агенттікке ұсыну міндеті жоспарланған автоматтандыруға байланысты алып тасталады.
Құжат коллекторлық агенттіктер атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүргізетін іс-шараларға қатысты ережелерді нақтылауды да көздейді.
Бұдан басқа, коллекторлардың борышкерлерді берешекті реттеу үшін коллекторлық агенттіктерге жүгіну құқығы туралы хабардар ету жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындауын растауға қойылатын талаптар нақтыланады.
Бұл өзгерістерді қабылдау коллекторлық агенттіктер жұмысының тиімділігін арттыруға, борышкерлердің құқықтарын қорғауға және нарықтың барлық қатысушыларының өзара іс-қимыл процесін жақсартуға бағытталған.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаулының толық мәтінімен «Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылау банкі» порталынан танысуға болады.