Қазақстан мен Финляндия серіктестігі: тұрақты көлікті дамыту

2156
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Янне Хейсканенмен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар көлікті декарбонизациялау және экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі фин бизнес өкілдері делигациясының алдағы уақытта Ақтауға іс-сапары туралы айтты.

Іс-сапар аясында Ақтау мен Құрық порттарын аралап, нысандардың жұмысымен танысу жоспарланған.

Сапардың мақсаты — теңіз тасымалы саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -