Әлем кубогы по артистикалық жүзу: елордалық спортшылар алтын медаль жеңіп алды

2145
Фотосурет: Gov

Франция астанасы Парижде көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл беделді жарыста Астана қаласының спортшылары жасөспірімдер арасындағы командалық еркін бағдарлама бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Команда сапында Ирина Говорухина, Ирада Исламова, Ясмина Исламова, Мақпал Калмурзаева, Альбина Өмірсерікқызы мен Алдияр Рамазанов өнер көрсетті.

Осыған дейін де Астана спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жекелеген бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болды. Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы, сондай-ақ Эдуард Ким тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі.

Байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -