Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдауды жақсарту

2695
Фотосурет: Gov

Астанада «Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелерін қарастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Отырыс барысында 2030 жылға дейінгі инклюзия тұжырымдамасының негізгі аспектілері, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мәдениет мекемелерінің қолжетімді болуы, сондай-ақ оларды қолдау үшін салалық волонтерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осы заң аясында ақпаратқа қолжеткізу саласындағы заңнаманың негізгі қағидаларының бірі ретінде мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін ескеру бекітілді; әдебиеттерді, соның ішінде Брайль қарпімен басылған баспа өнімдерін шығару шаралары айқындалды; ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында интернет-ресурстарды бейімдеу қарастырылды; ақпараттық стендтерге еркін қолжеткізу үшін қойылатын талаптар белгіленді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету тәсілдері анықталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -