Қазақстан мен ИКАО авиацияны дамыту саласындағы байланыстарды нығайтуда.

1474
Фотосурет: Gov

ҚР Көлік министрі мен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло арасында кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар саланы дамытудың негізгі мәселелерін, атап айтқанда ұлттық жоспарда көзделген бірлескен СО2 шығарындыларын азайту және тұрақты авиациялық отынға (SAF) біртіндеп көшу жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін жоспарлау және дамыту жөніндегі бас-жоспарды әзірлеуді талқылады.

EUR/NAT ИКАО бюросының басшысы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін және халықаралық стандарттарды іске асырудағы жұмысын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ бірлескен бастамалар мен бағдарламалар аясында ИКАО одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -