Футбол клубындағы ұрлық: директор 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды

1496
Фотосурет: pixabay.com

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -