Air Astana компаниялар тобының әуе паркі бүгін Алматыға жаңа Airbus A320neo ұшағының келуімен 60 ұшаққа дейін ұлғайды. Енді толық қызмет көрсететін Air Astana әуекомпаниясының әуепаркі 35 ұшақтан, ал лоукостер FlyArystan 25 ұшақтан тұрады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Топ құрамындағы екі әуекомпаниялар жедел өсу қарқынын көрсетіп, заманауи Airbus A321LR және Airbus A320neo ұшақтарының санын арттыру арқылы Азия, Еуропа және Таяу Шығыс бағыттарына маршруттарын кеңейтуде. FlyArystan Қазақстан мен Орталық Азияда қолжетімді рейстерді дамытуды жалғастырып, Грузия, Қытай және Таяу Шығысқа алыс қашықтықтағы бағыттарды көбейтуде.
«Әуе паркіміздің 60 ұшаққа дейін ұлғаюы — Air Astana компаниялар тобы үшін маңызды жетістік әрі стратегиялық жоспарларымызды іске асыру жолындағы маңызды қадам. Біз заманауи ұшақтарға инвестиция жасауды және әуе бағытымызды кеңейтуді жалғастырып, жолаушыларға аймақ ішінде де, одан тыс жерлерге де ыңғайлы сапар мүмкіндіктерін ұсынатын боламыз» Топтың бас атқарушы директоры Питер Фостер
Air Astana компаниялар тобының әуе паркі алдағы жылдары да кеңейе береді де 2028 жылға қарай жалпы саны 80 ұшаққа жетеді деп жоспарлануда.