8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу алдында Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласы бойынша Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрімен бірігіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Әскери оркестрдің әскери қызметшілері адамзаттың әдемі жартысына арналған заманауи туындыларын ойнап, музыкалық аспаптардан шыққан әуендер мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді жаудрата түсті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің офицерлері сүйкімді ханымдарға қызғалдақ сыйлап, келе жатқан мерекемен құттықтады.
- Әскери оркестрдің қатысуымен осындай күтпеген құттықтаулар алу өте қуанышты. Жанды музыка, жанды эмоциялар және ең бастысы Семей қаласының сүйкімді ханымдарын шын жүректен құттықтау. Барлық әскери қызметшілерге алғысымызды білдіреміз, - деді «Апрель» сауда ойын-сауық орталығына келуші Ирина Жукова.
Барлық келушілер қуанып, шығармаларды смартфондарға түсірді, тіпті дыбыстық музыкаға билегендер де болды.