Елдегі басты тас жолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 7 наурызда сағат 07:30-да келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:
Ақмола облысы
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 35-51 шақ., (Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысы
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» км. 51-266 шақ., Ақмола обл.шекарасынан Теміртау қаласына дейін.
- «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 17-217 шақ., Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейін.
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақ., Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы.
- «Ақшатау-Ағадыр-Ортау-Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 0-180 шақ., Ақшатау кентінен Ұлытау облысының шекарасы дейін.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.