Астанадағы көші-қон тексерістері

2596
Фотосурет: Gov

Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы шетел азаматтарына қатысты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Заң және Тәртіп" қағидасын орындау мақсатында қылмыстың алдын алу және жолын кесу үшін Байқоңыр ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық полиция басқармасы жатақханаларда, көшелерде және заңсыз сауда орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Нәтижелері бойынша 26 шетел азаматтарымен көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталып, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, материалдар сотқа жолданды.

Нәтижесінде 15 шетелдік азаматқа 680 мың теңгеден астам айыппұл салынды, 11 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды.      

Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарумен он бес тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделгенін түсіндіреміз (ҚР ӘҚБтК 517-бабы).

Көші-қон режимін бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -