Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының № 7 қаулысын қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қаулы ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары ұсынатын есептілік нысандарын және қосымша ақпаратты, сондай-ақ оларды толтыруға түсініктемелерді жаңарту және пысықтау мақсатында әзірленді.
Мынадай өзгерістер көзделеді:
- өңірлерде банктердің тарату комиссияларының филиалдары және бөлімшелерінің болуы немесе болмауы есепке алынбай уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсыну үшін бірыңғай мерзім белгіленеді;
- Қаулыға қосымшаларда есептілік нысандарында уәкілетті органның интернет-ресурсының сілтемесі өзгертіледі, атап айтқанда, «www.finreg.kz» орнына «www.gov.kz/memleket/entities/ardfm» жазылады;
- таратылатын банктің Баланстан тыс шоттары бойынша есептің нысаны алынып тасталады, себебі онда көрсетілетін ақпарат Агенттік тарапынан бақылауды талап ететін банкті тарату процесіне әсер етпейді;
- Таратылатын банктің меншікті мүлкінің жай-күйі туралы есептің нысаны екі нысанға бөлінген – банктің мүлкін жалға беру туралы мәліметтер шығарылды және банктің жалға берілетін мүлкі туралы есептің жаңа нысаны қосылды. Бұл мүлік бойынша есептілікпен жұмыстың ыңғайлығы және мүлікті жалға беру жөніндегі банктердің тарату комиссияларының қызметін бақылауды күшейту үшін қажет.
Қаулы 2025ж. 17 наурыздан бастап күшіне енеді.