Әділ Мұхамеджанов Орталық депозитарий төрағасы қызметінен кетеді

Фотосурет: KCSD

Әділ Мұхамеджанов Орталық депозитарийдің Басқармасы төрағасының лауазымынан босатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі 2025 жылғы 7 наурызда Әділ Мұхамеджановтың "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігін 2025 жылдың 14-ші наурыздан бастап тоқтату туралы шешім қабылдады.

Әділ Мұхамеджанов 2021 жылғы 1 наурызда Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы қызметіне сайланды.

Төрағаның жұмысы барысында Орталық депозитарий Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы инфрақұрылымдық ұйым ретіндегі өз позициясын нығайтты және өңірлік деңгейге шығып, өз клиенттерінің географиясын едәуір кеңейтті.

Төрағаның басшылығымен Орталық депозитарийді дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған стратегиясы әзірленіп, табысты іске асырылды және Орталық депозитарийді жергілікті депозитарлық хабқа айналдырудың бірінші кезеңі аяқталды.

Орталық депозитарий өзінің операциялық тиімділігін арттырып, жаңа өнімдер мен сервистер желісін кеңейтті, сондай-ақ өзінің корреспонденттік және депозитарлық байланыстарын кеңейту есебінен өңірлік деңгейге көтерілді. Орталық депозитарийдің депоненттерінің саны 70%-ға өсті, ал номиналды ұстаудағы қаржы құралдарының көлемі мен олардың саны екі есеге артты. Орталық депозитарийдегі брокерлік шоттардың саны осы кезеңде 25 еседен астам өсіп, 3,5 миллионға жетті.

Орталық депозитарийді трансформациялау IT инфрақұрылымын жаңғырту, клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, сондай-ақ Орталық депозитарийдің кадрлық әлеуетін арттыру сияқты бағыттар бойынша жүргізілді. Әділ Мұхамеджанов бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушыларымен қарым-қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқарды.

"Менің Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы лауазымында өткізген уақыт біз үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де елеулі сын-тегеуріндер уақыты болды. Біз жергілікті бағалы қағаздар нарығы мен жаһандық қаржы нарықтарының тез өзгеретін жағдайларына бейімделу қажеттілігіне тап болдық және бұл бізден тиімділікті ғана емес, шешім қабылдауда батылдықты да талап етті. Орталық депозитарийді трансформациялау — бұл біздің табысымыз ғана емес, сонымен қатар елдің қаржы инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесіміз екенін де атап өту маңызды. Болашақта Орталық депозитарий жергілікті депозитарлық хабтан өңірлік есепке алу-есептеу орталығына ауыса отырып, өзінің трансформациясын жалғастырады деп үміттенемін, бұл Қазақстан нарығы үшін жаңа перспективалар ашады және оның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді" Әділ Мұхамеджанов

Адиль Мухамеджановтың кәсіби жолы және мансабы

Білімі

  • 2002 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын (Алматы қ.) "Халықаралық экономика" мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – халықаралық экономист.
  • 2019 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Астана қ.) бітірген, біліктілігі – басшыларға арналған іскерлік әкімшілік (EMBA).

Жұмыс тәжірибесі

  • 2002–2019 – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Алматы қ.):
  • 2002–2004 – Монетарлық операциялар департаменті, есеп айырысу және несиелеу басқармасы, бас экономист; 2004—2009 — Монетарлық операциялар департаменті, талдау және тәуекелдер басқармасы, бас талдаушы; 2009—2015 — Монетарлық операциялар департаменті, ақша-кредит операциялары басқармасы, бастық;
  • 2015—2019 — Монетарлық операциялар департаменті, директордың орынбасары;
  • 2019—2020 — "FHS" АҚ басқарушы директоры, инвестициялық консалтинг департаментінің директоры.
  • 2020—2021 — "Қазақстан қор биржасы" АҚ:
  • 02.2020—05.2020 — Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 06.2020—02.2021 — Басқарма төрағасының орынбасары.
  • С 01.03.2021 — 14.03.2025 — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма төрағасы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -