Қаржы саласы мамандарына Президенттік марапаттар тапсырылды

4367
Фотосурет: Gov

Агенттік Төрағасы Президент атынан қаржы секторының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысының атынан қаржы секторының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Салтанатты рәсім 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілді.

Мәдина Әбілқасымова барлық әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, жоғары мемлекеттік наградалар – бұл ел басшылығы тарапынан қаржы секторы қызметкерлерінің айрықша еңбегі мен кәсібилігін бағалау екенін атап өтті.

Сонымен бірге Агенттік басшысы сақтандыру секторы өкілдерінің өткен жылғы су тасқыны кезінде сақтандыру жағдайларын реттеу бойынша, оның ішінде зардап шеккен мүлікті жедел бағалау және өтемақы төлеу бойынша қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты рәсім барысында еліміздің қаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Сәтиева және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Салық департаментінің директоры Нұрбике Махамбетова марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстанның қаржы ұйымдары қауымдастығы» кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Ирина Кушнарева, SkyBridge Invest АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Шолпан Айнабаева, «Amanat» СК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Прманшаева, «Еуразия» СК» АҚ Қостанай филиалының директоры Әсел Жомартова, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары Фаузия Нуртденова марапатталды.

Салтанатты жиынды Агенттік басшысы барлық марапатталған қаржы саласы қызметкерлерінің сіңірген еңбегі мен үлестерін атап өтті. Сондай-ақ, Төраға «Еуразиялық банк» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ корпоративтік кредиттеуге белсенді түрде атсалысатынын, шағын және орта бизнесті несиелендірудің артып отырғанын атап өтті.

Агенттік Төрағасы SkyBridge Invest директоры Шолпан Айнабаеваның ауқымды «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан үлесіне тоқталып, 2022 жылғы төтенше жағдай және өткен жылғы су тасқыны кезіндегі сақтандыру төлемдерін реттеудегі сақтандыру секторы өкілдерінің жұмысын бөлек атап өтті.

 Жиын соңында Агенттік басшысы әйелдердің қаржы нарығының серпінді дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, оларға алдағы уақытта кәсіби табыстар тіледі.

 Бүгінде қаржы нарығындағы жалпы мамандар санының 57%-ын әйелдер құрайды. Әйелдер жетекші банктерді, сақтандыру ұйымдарын және бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін компанияларды табысты басқарады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -