Авиация саласында персонал даярлау туралы семинар, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматы қаласында "Aviator.KZ" ЖШС авиациялық оқу орталығы мен TRITESH авиациялық оқу орталығы (Латвия) ұйымдастыруымен «EASA Part-145 және Part-66/147 талаптары бойынша техникалық қызмет көрсету ұйымдары үшін персонал мен АТ шешімдерін дайындау» атты семинар өтті. Іс-шараға 40-тан астам өкіл: авиациялық әкімшілік, әуе компаниялар, техникалық қызмет көрсету ұйымдары, оқу орталықтары және өзге де ұйымдар мамандары қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның авиациялық әкімшілігі лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов құттықтау сөз сөйледі. Семинар алаңын «Қазаэронавигация» РМК ұсынды.
Семинар презентациялық-пікірталас форматында өтті. Спикерлер авиациялық персоналды оқытудың еуропалық талаптары (EASA Part-66/147), оның ішінде 2024 жылдың ортасында болған елеулі өзгерістер, техникалық қызмет көрсету ұйымдарына (EASA Part-145), сондай-ақ үздіксіз ұшуға жарамдылық (ҮҰЖ) процестеріне және ҮҰЖ қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға (EASA Part-CAMO/M) еуропалық талаптар туралы айтты.
Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсету ұйымдарында ҰҚБЖ-н енгізуге байланысты тақырып, сондай-ақ инженерлік-техникалық персоналдың жетіспеушілігі және осы мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Семинар барысында авиациялық әкімшіліктің өкілдері сала мамандарымен бірқатар мәселелерді талқылап, нормативтік талаптар мен оларды қолдану тәртібін түсіндірді. Семинар тиімді және нәтижелі өзара іс-қимыл жасау үшін жаңа алаң болды.