Отандық әуе компания биылғы мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады.
Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.
Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.