Астанада мектеп оқушылары 8 наурызға арналған ерекше құттықтау дайындады

3652
Фотосурет: Gov

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мектеп оқушылары тізіліп, аналарын, ұстаздарын, барша қыз-келіншектерді мерекелік әндерімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құттықтауға барлығы 250 бала қатысты.

Олар өздерінің шығармашылық қабілетін көрсетіп, нәзікжандыларға шексіз құрмет білдірді. Олар әйелдердің қоғамдағы маңыздылығын, олардың жанқиярлық еңбегін, отбасындағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі орасан зор маңызын ән арқылы жеткізді.

«Осындай іс-шаралар оқушылардың бойына мейірім мен алғыс сезімін ұялатады. Жастардың жарқын болашағы осындай құндылықтарға байланысты және бұл мереке қоғамның белсенді және қамқор мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі», - деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -